Ердоған түрік жастарына сенгендерін айтты

Ердоған 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесіне орай құттықтау жариялады.

1829198
Ердоған түрік жастарына сенгендерін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған құттықтауында Ардагер Мұстафа Кемал Атаүрік түрік жастарына сыйлаған 19 мымырдың ұлттың табандылығының және тәуелсіздігіне деген сенімінін әлемге жариялаған, сондай-ақ ұлттық қозғалыс рухының қайтадан жанданған күні екенін білдірді. 

Ердоған құттықтауында 1919 жылдың 19 мамыр күнінің Ардагер Мұстафа Кемал түрік ұлтынан алған күшпен Ұлт Азаттық соғысты бастаған күн екенін білдірді. Президент Ердоған құттықтауында түрік ұлтының басқыншыларға қарсы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып көтеріліс жасағанын, Түркия Республикасының құрылуы үшін күрес жүргізіп батырлық көрсеткенін, ең соңында жеңіске қол жеткізгенін айтты. 

Ердоған "Осы таңда тарихымыздан алған күш-қуат және тәселсіздік рухымен болашаққа бет алудамыз. Түркияның дамуына және өсуіне кедергі жасағысы келегендерге қарсы табанды күрес жүргізудеміз. Үлкен және күшті Түркияны құру үшін атсалысудамыз. Жастарымызға әр салада қолдау көрсетудеміз және оларға орай берудеміз" деді. 

"Түрік жастарына сенеміз" деген президент Ердоған  Түркияда білім беруден спортқа, қауіпсіздіктен саясатқа, саудадан көркемөнерге дейінгі әр салада жастарды алдыңғы қатарда көруден мақтанғанын баяндады. 

Президент Режеп Тайып Ердоған "Еліміздің 2023 жылғы нысаналарын және 2053 жылғы мақсаттарын жүзеге асыру үшін жастарымызбен бірге алға басамыз. Осындай сезімдермен 19 мамыр Ататүрікті еске алу,  жастар және спорт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ардагер Мұстафа Кемал бастаған Ұлт Азаттық соғыстың барлық қаһармандарын құрметпен еске аламын» деген сөздер қолданды. 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар