Чавушоғлу мен Блинкен ортақ баспасқз жиналысы өткізді

Мәлімдемеде "Түркия және АҚШ қазіргі геосаясат тақырыбында бірге жұмыс істеуге табандымыз" делінді.

1829119
Чавушоғлу мен Блинкен ортақ баспасқз жиналысы өткізді

Сыртқы істер минивстрі Мевлүт Чавушоғлу мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен кездесті. Чавушоғлу мен Блинкен кездесуден кейін ортақ баспасөз жиналысы өткізді. Мәлімдемеде "Түркия және АҚШ қазіргі геосаясат тақырыбында бірге жұмыс істеуге табандымыз" делінді. 

Мәлімдемеде Чавушоғлу және Блинкеннің екі НАТО одақтасы және ортағы Түркия мен АҚШ арасында күшті ынтымақтастығын қолға алу үшін Түркия-АҚШ Стратегиялық механизм аясында Нью-Йорк қаласында бас қосқаны білдірілді. 

Мәлімдемеде екі министрдің кездесуінде қорғаныс, террормен күрес, энергия, азық-түлік қауіпсіздігі, климат өзгерісімен күрес сынды салаларда ынтымақтастықтың арттырылуы және сауда қарым-қатынастарының күшейтілуі жөнінде басылатын нақтылы қадамдардың қолға алынғаны баяндалды.

Мәлімдемеде "Екі министр сонымен қатар Ресейдің соғысына қарсы Украинаның егемендігі және территория тұтастығына жасалатын қолдауы жайлы келісті. Осы аяда Түркия және АҚШ соғыстың доғарылуы үшін қоланынан келген жәрдем беретіндері қайталанды" деген сөздерге орын берілді. 

 



Ұқсас жаңалықтар