"Украина соғысының жалғасуын қалайтын елдер бар"

Сыртқы істер министрі АҚШ-та.

1828607
"Украина соғысының жалғасуын қалайтын елдер бар"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей және Украина арасында 24 ақпанда басталған соғыстың жалғасуын қалайтын  елдер бар екенін байқағандарын айтты. Ол осы соғыста ауыр құнды Украина және Ресей халқының төлеп отырғанын білдірді.

Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) барған Мевлүт Чавушоғлу Нью-Йорк қаласында Түркевиде (Түрік үйі) түрік-америка қоғамдастығының мүшелерімен кездесті.

Коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) аяқталды деген кезде Украинада соғыс басталғанын айтқан министр: «Мұндай уақытта көшбасшылық, көрегендік қабілеті алтындай маңызды. Мұны Украина соғысында анық көрдік. Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның жетекшілігімен біз осы қиын күндерімізде белсенді және принципті сыртқы саясатымызбен жолымызды жалғастырдық, біздің осы ұстанымымызды барлығы жоғары бағалады» деді.

Ол соғыстың жалғасуын қалайтын елдер бар екенін,  ал соғыстың құнын Украина және Ресей халықтарының төлеп отырғанын айтты.

Екі ел арасындағы соғысқа тез арада тосқауыл болу керек деп атап көрсете отырып Чавушоғлу Түркияның бейбіт тұрғындарды эвакуациялар тақырыбында БҰҰ Бас хатшысымен жұмыс істеп отырғанын білдірді.

Ол  БҰҰ Бас хатшысы ұсынған гуманитарлық істер бойынша байланыс тобы туралы айтып берді.  Осы байланыс тобында БҰҰ, Түркия, Ресей және Украина орын алады.

 



Ұқсас жаңалықтар