"Қырым татарларының жанындамыз"

Сыртқы істер министрлігі жазбаша мәлімдеме жариялады.

1828661
"Қырым татарларының жанындамыз"

Түркия Қырым татарларының ұлттық куәліктерінің сақталуы, тыныштық пен әл-ауқаттарының қамдалуы үшін қандастардың жанында болуын жалғастыратынын білдірді.

ТР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Танжи Билгич черкес және Қырым татар жер аударылуының жылдығына орай жазбаша мәлімдеме жариялады. 

Қырымның негізгі тұрғындары- Қырым татарларының 1944 жылдың 18 мамыр күні отандарынан айрылып, адамдыққа жатпайтын шарттарда жер аударылғанын еске салды.  Ол «250 мың Қырым татарының көбі сүргін барысында жолда немесе барған жерлерінде қаза тапты.  Бүгін сол оқиғаға 78 жыл толып отыр.  Түркия Қырым  татарларының ұлттық куәліктерінің сақталуы, тыныштық пен әл-ауқаттарының қамдалуы үшін қандастардың жанында болуын жалғастырады» деді.

Баспасөз хатшысы 21 мамыр күні де черкес жер аударуына 158 жыл толатынын еске салды. «Кавказ халықтары 19-ғасырда Патшалық Ресейдің Кавказды басып алуы кезінде жүз мыңдаған шығын берді.  Тірі қалғандардың көбі атамекендерінен кетіп, Анадолыны паналады. «Черкес қырғыны» деп аталған трагедияның қайғысын әлі күнге сезінеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар