Ираннан келген террористерге қарсы әскери операция басталды

Операцияның бірінші күні бір террорист залалсыздандырылды.

1828629
Ираннан келген террористерге қарсы әскери операция басталды

Агрыда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қарсы «Ерен аблука-10» операциясы басталды.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Ерен Қыс-9 Агры тауы» операциясы аясында PKK-ның «Агры тауы» деп аталатын тобы залалсыздандырылғандықтан террорлық ұйымның аймақты күшейту үшін күш-жігерін арттырғаны білдірілді.

Ұлттық барлау ұйымына Ираннан бес террористтің аймаққа келетіні жөнінде ақпар келіп түсті.  Осыған орай «Ерен аблука-10 шейіт жандармерия маманы сержант Четин Ак» операциясы «іздеу-табу-жою» тактикасымен басталды. Операцияға  915 қызметкердің қатысқаны атап өтілді.

Жасақтар Иран шекарасынан бастап Агры тауы аймағын тексеріп жатыр. Операцияның бірінші күні бір террорист қаруымен бірге залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар