ТРТ Бас директоры жастарға үміт артты

Мехмед Захид Собажы: "2017 жылдан бері TRT World форумын ұйымдастырып келеміз, оған NEXT-ті тіркеу арқылы жастарды қосқымыз келді» деді.

1827171
ТРТ Бас директоры жастарға үміт артты

Түркия Радио Теледидар Мекемесінің (ТРТ) Бас директоры, Профессор доктор Мехмед Захид Собажы:

"2017 жылдан бері TRT World форумын ұйымдастырып келеміз, оған NEXT-ті тіркеу арқылы жастарды қосқымыз келді» деді.

TRT World форум тарапынан Стамбулда ұйымдастырылған және жаһандық қоғам дөп келген маңызды мәселелерді қолға алуды мақсат еткен NEXT атты іс-шарада сөз сөйлеген Түркия Радио Теледидар Мекемесінің Бас директоры, Профессор доктор Мехмед Захид Собажы жаһандық мәселелердің шешімі үшін кеңесу платформасын өткізу арқылы шешімдер жасалғанын, алайда жастардың осы процеске қосылмағанын білдірді.

Экологиялық апаттар, халықаралық террор, экономикалық дағдарыстар мен кибер қауіпсіздік сияқты мәселелердің әлемді қоршағанын білдірген Собажы жасампаздық жастардың табиғатында болғанын, жастардың мықты қиялдау, жаңалық жарату және жандылық ерекшеліктеріне ие екенін атап айтты.

Жастардың күшін мәселелерді шешуде пайланбаған жағдайда тіпті көп қиындық туатынына назар аударған Собажы:

"2017 жылдан бері TRT World форумын ұйымдастырып келеміз, оған NEXT-ті тіркеу арқылы жастарды қосқымыз келді» деп көрсетті.

TRT World форум тарапынан Стамбулда ұйымдастырылған іс-шарада  өз саласының мамандары технологиядан метаверс тұжырымдамасына, NFT-тен ғарыштық туризмге дейінгі көптеген тақырыптарды жас қатысушылармен бірге талқылады.

Мехмед Захид Собажы NEXT атты іс-шара жастар мен болашақты тоғыстырған бір организация екенін айтып:

"Алдыңғы буынмен салыстырғанда жаратушы және мәселені шешуді негіз ететін жастарды технологиялық шаңырақ астында бас қостыруды жөн көрдік" деді.

Собажы  іс-шара кезінде қатысушылардың қоршаған орта, жалғастыруға болатын жұмыс үлгілері, метаверс және медианың болашағы сияқты түрліше тақырыптарды талқылағанын білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар