Ердоған Финляндия мен Швецияны сынға алды

Ердоған: "Финляндия мен  Швецияның террористік ұйымдарға қарсы тұғыры ашық және нақтылы емес. Түркияға келеді екен. Бізді көндіруге келе ме? Әуре болмасын, шаршамасын" деді.

1827833
Ердоған Финляндия мен Швецияны сынға алды

Президент Режеп Тайып Ердоған НАТО мүшелік процесі жайлы кездесулер мақсатымен дүйсенбі күні Түркияға келетіні жарияланған Финляндия мен  Швеция делегацияларына байланысты:

"Бізді көндіруге келе ме? Әуре болмасын, шаршамасын" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған ресми сапар аясында астана Анкараға келген алжирлік әріптесі Абдулмежит Теббунмен ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Ердоған Финляндия мен  Швеция жайлы:

"Екі елдің де террористік ұйымдарға қарсы тұғыры ашық және нақтылы емес. Дүйсенбі күні Түркияға келеді екен. Бізді көндіруге келе ме? Әуре болмасын, шаршамасын" деп көрсетті.

Ердоған:

"Ең бастысы Түркияға санкция жасаған елдердің осы процесс ішіндегі бір  қауіпсіздік органы болған НАТО-ға кіруіне біз "мақұл" демейміз" деді.

Швеция Сыртқы істер министрі Анн Линде мен Финляндия Сыртқы істер министрі Рекка Хаависто елдерінің НАТО мүшелік процесі жайлы кездесулер өткізу мақсатымен Түркияға келетінін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар