Алжир президенті Анкарада

Алжир президенті Абдельмаджид Теббун  кеше кеште Анкараға келді.

1827219
Алжир президенті Анкарада

Алжир президенті Абдельмаджид Теббун президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен кеше кеште Анкараға келді. 

Алжир президенті Абдельмаджид Теббунды  президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік сарайында салтанатты түрде қарсы алды. 

Одан кейін қонақ президент Теббун Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтарды қойды.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда 15-17 мамырдағы сапар аясында Түркия-Алжир жоғарғы деңгейдегі ынтымақтастық кеңесінің алғашқы жиналысы Ердоған және Теббунның басшылығында астана Анкарада өтеді.  

Ертең Стамбулда өткізілетін Түркия-Алжир жұмыс және инвестиция форумына вице-президент Фуат Октай мен Абдельмаджид Теббун төрағалық жасайды. 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар