Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынасы өте маңызды

Мейер-Ландрут Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынасының өте жақсы екенін айтты.

1824080
Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынасы өте маңызды

Еуропа Одағы Түркия делегациясының төрағасы елші Николаус Мейер-Ландрут Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынасының өте жақсы екенін айтты.

Елші Николаус Мейер-Ландрут  9 мамыр Еуропа күніне орай Анадолы агенттігіне мәлімдеме жасады. 

Мейер-Ландрут Шуман  декларациясының  (1950 жылы 9 мамыр) бұдан бұрын елдерді соғысқа итермелеген ауыр өнеркәсібінің енді бұдан кейін соғыспайтын түрде олардың басын қосуын көздегенін баяндады. Мейер-Ландрут "Сондықтан Еуропа күнінің негізінде бейбітшілік, демократия, ынтымақтастық, адам құқықтары бар" деді. 

Еуропа күні іс-шараларына мемлекеттік орган және ұйымдардың, азаматтық ұйымның және түрік халқының көңіл бөлгеніне назар аударған Мейер-Ландрут былай деді: "Түркия Еуропа Одағына мүше емес, бірақ үміткер ел. Түркияның Еуропа Одағымен қарым-қатынасы жақсы. Түрік халқының да Еуропа күнін біз сияқты қуанышқа бөленіп тойлағанын көру өте керемет". 

Мейер-Ландрут Еуропада бейбітшіліктің негізі болған Еуропа күнінде биыл Украиан-Ресей соғысының болғанына байланысты "Еуропа интеграциясының және Еуропа процесінің негізінде бейбітшілік, демократия, адам құқықтары бар. Өкінішке орай екі айдам астам уақыттан бері Ресей Украинаға шабуыл жасауда. Бұл шабуылмен бірге Еуропа құрлығында қайтадан Екінші Дүниежүзілік соғысынан кейін болмаған бір соғыстың болғанын көрудеміз" деп көрсетті.

Бұның қайғылы оқиға екенін айтқан Мейер-Ландрут  "Осы тұрғыдан алғанда Украинаны және оның еркіндігі, территория тұтастығы және егемендігі үшін жүргізген күресін қолдамуымыз керек. Бұл бір еркіндік күресі болып табылады" деген сөздер қолданды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар