Ердоған өмір бойы бас бостандығынан айырылған іскер туралы мәлімдеді

Ердоған іскер Осман Каваланың «Гези паркі» оқиғаларын ұйымдастырғанын мәлімдеді.

1819529
Ердоған өмір бойы бас бостандығынан айырылған іскер туралы мәлімдеді

Президент Режеп Тайып Ердоған іскер Осман Каваланың өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына қатысты «Бұл адам Түркияның Соросы еді. «Гези паркі» оқиғаларын сахнаның артынан ұйымдастырып жатты» деді.

Президент Ердоған Стамбұлда азаматтық ұйымдардың өкілдерімен ауызашарда басқосты.

«Біз ұлттық ерік-жігерге бағытталған әрекеттерге ешқашан жол берген емеспіз» деген Ердоған 2013 жылғы «Гези паркі» оқиғалары сот ісінде айыпталған Каваламен байланысты мәлімдеме жасады. Ердоған «Соңғы рет бір тұлғаға қатысты қабылданған шешім кейбір ортаны алаңдатты. Бұл адам Түркияның Соросы болатын. Ол «Гези паркі» оқиғаларын сахнаның артынан ұйымдастырып жатты» деді.

Ердоған «Бейтарап соттарымыздың төңкеріс жасаушыларды өздеріне лайық жазамен жазалауы демократиямыздың жетістігі. Рақмет сізге» деді.

Президент сонымен қатар Ирактың солтүстігінде жалғасқан «Пенче-Килит» операциясында 5 әскердің шейіт болғанын, 60 террористтің залалсыздандырылғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар