Қадір түнімен құттықтады

Ербаш Қадір түніне байланысты хабарлама жариялады.

1819046
Қадір түнімен құттықтады

ТР Дін істері басқармасының төрағасы Али Ербаш Ислам әлемін, соның ішінде түрік ұлтын Қадір түнімен құттықтады.

Ербаш бүгін түні атап өтілетін Қадір түніне байланысты жариялаған жолдауында Алла «мың айдан да қайырлы» еткен Қадір түнінің өз маңызын Құраннан алғанын айтты.

Құранның адамдарға өмір сүру мақсатын, дүниеде бейбіт өмір сүруді және ақыретте жәннатқа жетуді үйрететін жолбасшы екеніне назар аударған Ербаш Қадір түнінің Жер бетіне берілген ерекше уақыт екенін білдірді.  Ол осы түні күнәлар мен қателіктерден арылу мүмкіндігі бар екенін айтты. Жер бетіндегі өшпенділік пен қастастық, азап пен қасірет, зорлық-зомбылық пен соғысты тоқтату үшін көп дұға жасап, күш салу керектігін атап көрсетті.

Дін істері басқармасының басшысы «Абыройлы және қауіпсіз өмір, әділ және бейбіт әлем тек Ислам ақиқаттарымен мүмкін болатынын біле отырып, Құранның әділеттілік, имандылық және адамгершілік сияқты жалпыадамзаттық қағидалары мен құндылықтарын арттыруға көбірек күш салу керек. Әрдайым жақсылыққа, мейірімділікке, бауырмалдыққа шақыратын Алла Тағалаға мойынсұнып, ол белгілеген өмір қағитттарын орындауымыз керек» деген сөз тіркестерін қолданды.



Ұқсас жаңалықтар