"Пенче-килит" операциясында бір әскер шейіт болды

Ирактың солтүстігіндегі "Пенче-килит" операциясы аймағында батыр әскер Юнус Калкан шейіт болды.

1818534
"Пенче-килит" операциясында бір әскер шейіт болды

Ирактың солтүстігіндегі "Пенче-килит" операциясы аймағында террористердің зымыран шабуылында 1 әскер шейіт болды, 4 әскер де жараланды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде:

"Ирактың солтүстігіндегі "Пенче-килит" операциясы аймағында 2022 жылы 26 сәуір күні бір базамызға террористер жасаған зымыран шабуылында батыр әскеріміз Юнус Калкан шейіт болды, жарақат алған 4 әскеріміз  ауруханаға жолданып, емдеуге алынды. Бізді қайғыға батырған оқиғада шейіт болған әскерімізге Алладан иман тілейміз. Қайғылы отбасына, Түрік Қаруы Күштеріне және ардақты ұлтымызға шынайы көңіл айтамыз, жаралыларымызға шұғыл шипа тілейміз" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар