Министр Чавушоғлу Бразилияда

Мевлүт Чавушоғлу Бразилияда әріптесі Альберто Франко Францамен бас қосты.

1818188
Министр Чавушоғлу Бразилияда

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Бразилиямен сауда көлемін 10 миллиард доллар деңгейіне жеткізу және одан теңгерімді етуді қалағандарын білдірді.

Мевлүт Чавушоғлу ресми сапар аясында барған Бразилияның бас қаласы Бразилиада әріптесі Альберто Франко Францамен оңаша және делегацияаралық кездесулер мен кейбір келісімдерге қол қойылғаннан кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізді.

Чавушоғлу «Түркия мен Бразилия арасында тамыры 160 жылдан астам уақытқа созылған мықты байланыстар бар. 2010 жылы қарым-қатынасымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердік» деді.

4-ші Түркия-Бразилия жоғары ынтымақтастық комиссиясы отырысына қатысқанын мәлімдеген Чавушоғлу «Біз сауда мен инвестицияны ұлғайту, әскери және қорғаныс өнеркәсібі салаларындағы ынтымақтастық, туризмді дамыту, мәдениет пен білім саласындағы ынтымақтастыққа назар аудардық. Экономикалық, мәдени және әлеуметтік қарым-қатынасымызды нығайта түсетін маңызды келісімдерге қол қойдық» деді.

Чавушоғлу Түркия мен Оңтүстік Америка Ортақ нарығы (MERCOSUR) арасындағы еркін сауда келісімі келіссөздеріне қатысты «Түркия мен MERCOSUR арасында еркін сауда келісімі келіссөздерін қайтадан жандандырғымыз келеді. Бұл тұрғыдан досымыз Бразилияның қолдауы маңызды» деді.

Чавушоғлу Түркияға келетін бразилиялық турист санының 100 мың төңірегінде екенін атап «Бразилиядан 150 мың немесе одан да көп туристті Түркияда қонақ қылғымыз келеді» деді.

Түркиядан Бразилияға турист баруында қолдағандарын атап көрсеткен Чавушоғлу «Түрік Әуе жолдарының (ТӘЖ) Сан-Паулуға рейстері маңызды бір ынталандыру. ТӘЖ енді Рио-де-Жанейроға да ұшуды жоспарлап отыр. Сондықтан өзара ұшатын туристер санын арттыра аламыз» деді.

Министр Чавушоғлу «Бразилияның Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЕЭЫДҰ) үміткерлігін қатты қолдайтынымызды тағы бір рет атап өткім келеді» деді.

Мевлүт Чавушоғлу кейін Бразилия президенті Жаир Болсонароның қабылдауында болды.

Болсонаро министр Чавушоғлуны Бразилия президенттік сарайы «Планалтода» қабылдады.

Чавушоғлу қабылдаудың артынан Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламасында «Бразилия президенті Жаир Болсонаромен бас қостық. Өзара қарым-қатынасымызды және Украинадағы соңғы оқиғаларды талқыладық» деді.



Ұқсас жаңалықтар