«Aksungur» жаңа белеске қол жеткізді

«Aksungur» өрт, жер сілкінісі сынды апат және төтенше жағдайда күндіз-түні  барлау, бақылау және шабуылдау тапсырмаларын орындай алады.

1814289
«Aksungur» жаңа белеске қол жеткізді

TUSAŞ Түрік Авиация және ғарыш өнеркәсібі басқармасының инженерлері мен техниктері өндірген ұшқышсыз әуе аппараты «Aksungur» (Ақсұңғұр) әуеде 50 сағат ұшып, рекорд жаңартты.

TUSAŞ-тан жасалған мәлімдемеге қарағанда Түркияның қос моторлы алғашқы ұшқышсыз әуе аппараты «Aksungur» жаңа бір белеске қол жеткізді. 750 келі пайдалы жүкті тасымалдау қабілеті бар платформаға интеграция етіліп, азаматтық станса арқылы алғаш рет үзіліссіз ұялы телефон арқылы сөйлесті. 

Бұл қабілеттері арқылы «Aksungur» өрт, жер сілкінісі сынды апат және төтенше жағдайда күндіз-түні  барлау, бақылау және шабуылдау тапсырмаларын орындай алады.  

 



Ұқсас жаңалықтар