Ердоған Пасха мерекесімен құттықтады

Ердоған: "Пасха мерекесіне орай қуаныштарына ортақ болған христиан азаматтарымызды және барлық христиандарды мерекесімен құттықтаймын" деді.

1813465
Ердоған Пасха мерекесімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған христиан азаматтарды Пасха мерекесімен құттықтады.

Президент Ердоған христиан азаматтарды Пасха мерекесіне орай жариялаған үндеуінде:

"Баршаның өз сенімін, мәдениетн және дәстүрін еркін орындай алатын елімізде бауырластық пен ұйымшылдық сезімдерімен өзара тоғысқан ұлтымыз күллі әлемге теңдесіз өнеге болуда.

Тарихтан бүгінге дейін ұлтымыздың әрбір азаматының қосқан есесімен байыған текті өркениетіміздің иелері ретінде береке-бірлікпен бейбітшілік және тыныштық ішінде болашаққа сеніммен беталудамыз.

Пасха мерекесіне орай қуаныштарына ортақ болған христиан азаматтарымызды және барлық христиандарды мерекесімен құттықтаймын" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар