Қыздар арасындағы математика олимпиадасында Түркия екінші орын алды

Ирем Гүлже Язган алтын медаль, Мелек Гүнгөр және Сена Башаран күміс, Джемре Четин болса қола жүлдені жеңіп алды.

1810960
Қыздар арасындағы математика олимпиадасында Түркия екінші орын алды

11-ші Еуропа бойынша қыздар арасындағы математика олимпиадасында Түркия екінші орын алды.

Венгрияда өткен 11-ші Еуропа қыздар математикалық олимпиадасында «2202 ғылым олимпиадасы бағдарламасы» аясында Түркияның Ғылыми және технологиялық зерттеу мекемесінің (TÜBİTAK) қолдауымен түрік оқушылар Ирем Гүлже Язган алтын медаль, Мелек Гүнгөр және Сена Башаран күміс, Джемре Четин болса қола жүлдені жеңіп алды.

Осы табысымен Түркия 11-ші Еуропа қыздар математикалық олимпиадасында Еуропаның 31 елі арасында жалпы ұпай бойынша 2-ші орынға ие болды.

Түркияның Еуропа қыздар математика олимпиадасындағы табысын әлеуметтік медиада жариялаған президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған жеңіске жеткен оқушыларды құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар