Түркияда вирустан бір тәулікте 31 кісі қайтыс болды
Соңғы тәулікте сауығып кеткендердің саны 11 мың 217 кісіге жетті.
1809623
Түркияның коронавируспен күресінде соңғы 24 сағатта 31 өлім-жітім тіркелді.
Соңғы бір тәулікте 197 мың 554 сынама жасалды.
24 сағатта 7 мың 120 адамға вирус жұққаны анықталды.
Соңғы тәулікте сауығып кеткендердің саны 11 мың 217 кісіге жетті.
Ковид-19 эпидемиясымен күрес аясында қазірге дейін үш компонент бойынша 147 миллион 197 мың 855 адамға вакцина салынды.