Акар 5 елдің Қорғаныс министрлерімен онлайн форматта кездесті

Министр Акар Türkiye-нің шақыруы және үйлестіруімен өткен кездесудің сәтті өткенін атап көрсетті.

1808704
Акар 5 елдің Қорғаныс министрлерімен онлайн форматта кездесті

Türkiye, Болгария, Грузия, Польша, Румыния және Украинаның қорғаныс министрлері бейнеконференция арқылы бас қосты.

Бейнеконфренция жиналысына ТР Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, Болгария Қорғаныс министрі Драгомир Заков, Польша Қорғаныс министрі Мариуш Блашчак, Румыния Қорғаныс министрі Василе Динчу, Украина Қорғаныс министрі Олексий Резников және Грузия Қорғаныс министрі Хуаншер Бурчуладзе қатысты.

Министр Акар Türkiye-нің шақыруы және үйлестіруімен өткен кездесудің артынан кездесудің сәтті өткенін мәлімдеді.

Аймақтық қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша пікір алмасылғанын тілге тиек еткен Акар «Кездесу барысында мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуге көмектесу үшін Украинада шұғыл атысты тоқтату керектігі және бейбіт тұрғындарды қауіпсіз эвакуациялаудың өзектілігі баса айтылды. Соңында гуманитарлық жағдайдың шиеленісуіне байланысты гуманитарлық көмекті жалғастыру және аймақтағы дағдарыстың одан әрі өршуіне жол бермеу үшін қабылданатын шараларға баса назар аударылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар