Хаккариде «Эрен қыс-32» операциясы басталды

Хаккариде басталған операцияға 710 әскери қызметкер қатысуда.

1805044
Хаккариде «Эрен қыс-32» операциясы басталды

Хаккариде 710 әскери қызметкердің қатысуымен «Эрен қыс-32 шейіт жандармерия мыңбасы Явуз Башаяр» операциясы басталды.

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Эрен қыс -32» (Хаккари-Өвеч) шейіт жандармерия мыңбасы Явуз Башаяр операциясының сепаратист террор ұйымы PKK-ны елдің күн тәртібінен шығару және аймақта паналаған террористерді залалсыздандыру мақсатында жүргізілгені атап көрсетілді. 

Хаккари Қалалық жандармерия қолбасшылығы басқарған операцияда 710 жандармерия арнайы десанты мен қауіпсіздік қызметкерлерінің міндет атқарғаны білдірілді.

Мәлімдемеде «Елімізде террорды түбегейлі жою мақсатында жүргізіліп жатқан «Эрен қыс» операциялары халқымыздың да қолдауымен табанды түрде сәттілікпен жалғасуда» делінді.



Ұқсас жаңалықтар