Ердоған: "Путин мен Зеленскийді біріктіру мақсатымызды өздеріне айтамыз"

Екі күндік Өзбекстан сапарының артынан елге оралған Президент Ердоған журналистермен бас қосты.

1805117
Ердоған: "Путин мен Зеленскийді біріктіру мақсатымызды өздеріне айтамыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленскийді кездестірудегі мақсатты екі басшыға да жеткізетіндерін мәлімдеді.

Президент Ердоған екі күндік Өзбекстан сапарының артынан бас қала Анкарада журналистердің сұрақтарына жауап қайтарды.

Ресей-Украина дағдарысының шешімі үшін Путин және Зеленскиймен сөйлесетінін атап көрсеткен Ердоған «Екі көшбасшыға да ‘Біздің ендігі мақсатымыз – сізді тезірек кездестіру’ деп айтамыз» деді.

Ердоған «Ең болмағанда бас қосудың мерзімін белгілерміз, деп үміттенемін. Біз кездесуді мемлекет басшылары деңгейінде өткізуге дайынбыз. Türkiye ретінде бұл жұмысты әрі құрметті Путин, әрі құрметті Зеленскийдің бізге деген сенімінің арқасында жүзеге асыру бізді қуантады» деді.

Türkiye-нің Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беретін елдердің бірі болуы мүмкін екенін атап көрсеткен Ердоған «Принциптік тұрғыдан мұны жылы қарсы аламыз, бірақ егжей-тегжейді анықтау қажет» деді.

Türkiye-Израиль қарым-қатынастарына да тоқталған Ердоған «Егер Ораза айттан кейін Израиль премьер-министрі Нафтали Беннеттпен кездесіп, дереу бір қадам басатын болсақ, Израиль-Türkiye ынтымақтастығы Жерорта теңізінің шығысында мұнай және табиғи газға қатысты үдерісті жылдамдатады» деді.

Израиль-Палестина мәселесіне қатысты Президент «Ораза айт кезінде мұсылмандар Әл-Ақса мешітіне тыныштықпен бара алсын. Осыған байланысты қажетті қолдауды көрсетіңіз деп президенттеріне айттым» деді.



Ұқсас жаңалықтар