Долмабахче офисінде өткен жиналыс аяқталды

Президент Ердоған Долмабахче офисінде Ресей-Украина келіссөз делегациялары жиналысының беташарында сөз сөйледі.

1803520
Долмабахче офисінде өткен жиналыс аяқталды
erdoğan.jpg
erdoğan.jpg

Ресей Украинаға 24 ақпанда соғыс жариялағаннан кейін тараптар келіссөздер үшін бүгін Стамбұлда бас қосқан еді. Жиналыс аяқталды. 

Президенттік Долмабахча офисінде өткізілген жиналыс Ресей және Украина тараптарының әрі делегация басшылары, әрі делегаттар арасы кездесулерден кейін аяқталды. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей-Украина келіссөз делегацияларының Стамбұлдағы жиналысы қарсаңында мәлімдеме жасады. Ердоған мәлімдемесінде "Әділетті бір бейбітшіліктің жеңіліске ұшырайтыны болмайды, бұған сенеміз. Қақтығыстың жалғасуы  ешкімге пайда әкелмейді" деді. 

Президент Ердоған Долмабахче офисінде Ресей-Украина келіссөз делегациялары жиналысының беташарында сөз сөйледі. 

Ердоған "Аймақта көптеген аянышты қайғыны басынан кешірген бір ел ретінде Қаратеңіздің солтүстігінде ұқсас көріністің қайталанбауы үшін жұмыс істедік, талпыныс көрсеттік" деген сөздер қолданды. 

Президент Режеп Тайып Ердоған "Барлық халықаралық платформаларда екі тараптың (Ресей-Украина) да құқығын, мүддесін  қорғайтын, бақылайтын әділетті бір тұғыр ұстандық" деп көрсетті. 

"Атыстың тезірек доғарылуы және бейбітшіліктің орнауы барша үшін пайдалы" деген президент "Енді кездесулерден нақтылы бір нәтиже шығару керек. Қазіргі түйін жөнінен алғанда делегация мүшелері ретінде сіздер тарихи бір жауапкершілікті алып отырсыздар. Барша әлем сіздерден қайырлы және сүйінші хабар күтуде" деген сөздер қолданды. 

Ердоған "Сіздердің келіссөздер үшін жасайтын  еңбектеріңіз, бұдан кейінгі лидерлер деңгейіндегі кездесуіне жағдай жасайды. Мұндай бір міндетке де үй иелік жасауға дайынбыз" деді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин кешегі телефондағы әңгімелерінде Ресей және Украина келіссөз делегацияларының бұдан кейінгі жиналысының Стамбұлда өткізілуі жайлы келіскен болатын. 

Осы барыста Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба елінде жасаған мәлімдемесінде "Түркиядағы келіссөздерде негізгі талабымыз гуманитарлық мәселелердің шешілуі, атыстың тоқтатылуы және осыған орай жалғастыруға болатын келісімнің жасалуы болады" деген сөздер қолданды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар