Президент Ердоған Путинмен телефонда сөйлесті

Ердоған мен Путин бұдан кейінгі жиналысының Стамбұлда өткізілуі тақырыбында келісті.

1802726
Президент Ердоған Путинмен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесті. 

Президенттік Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда телефондағы әңгімеде 24 ақпаннан бері жалғасқан Ресей-Украина  соғысындағы соңғы оқиғалар және тараптар арасындағы келіссөз процестері қолға алынды. 

Президент Ердоған Ресей мен Украина арасындағы соғыстың аяқталуы және бейбітшіліктің орнатылуы керектігін түсіндіріп, осы процесте Түркияның әртүрлі қолдау жасайтынын білдірді. 

Президент Ердоған мен Ресей президенті Путин Ресей және Украина келіссөз делегацияларының бұдан кейінгі жиналысының Стамбұлда өткізілуі тақырыбында келісті. 

Осы барыста Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ресей және Украина делегацияларының Түркияда бас қосатынын еске салып, "Тараптардың Түркияға деген сенімінің жауапкершілігін түсініп отырмыз" деп көрсетті. 

Мевлүт Чавушоғлу Twitter-дегі парақшасында "Президентіміз Режеп Тайып Ердоғанның талпынысы нәтижесінде Ресей және Украина келіссөз делегациялары Түркияда бас қосады. Тараптардың Түркияға деген сенімінің жауапкершілігін аңғарудамыз. Жиналыстың нәтижесінде соғыстың түбегейлі түрде доғарылып, бейбітшіліктің орнатылуын үміт етеміз" деген сөздер қолданды. 

Чавушоғлу Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлеседі. 

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда Чавушоғлу мен Лавров телефондағы әңгіме барысында Украинадағы соңғы оқиғаларды қолға алады. 

 



Ұқсас жаңалықтар