Ердоған Зеленскиймен телефонда сөйлесті

Президент Ердоан телефонда осы процесте Түркияның қолынан келген барлық жәрдемді жасағанын тілге тиек етті.

1802161
Ердоған Зеленскиймен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефонда сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде телефондағы әңгімеде Ресей-Украина соғысында майдандағы жағдай мен келіссөздің сатылары талқыланғаны білдірілді.

Президент Режеп Тайып Ердоған НАТО Лидерлер саммитінде Украинаның территория тұтастығына бағытталған қолдауын қайталағанын, екі жақтылы кездесулерді де Түркия ретінде бақылап отырған белсенді де ережелі саясаттарды, көрсеткен дипломатиялық талпыныстарын  лидерлерге көлемді түрде жеткізгенін айтты.

Президент Ердоан телефонда осы процесте Түркияның қолынан келген барлық жәрдемді жасағанын тілге тиек етті.

Орыс әскерлері 24 ақпанда Украинаға шабуыл бастады.



Ұқсас жаңалықтар