Президент Ердоған цифрлық жұмылдыру кезеңін жариялады

Ердоған Анкарада өткен «Forum Metaverse» шарасына қатысушыларға үн қатты.

1799284
Президент Ердоған  цифрлық жұмылдыру кезеңін жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған алдағы кезеңді цифрлық жұмылдыру кезеңі деп жариялағандарын айтты.

Ердоған ел астанасы Анкарада өткен «Forum Metaverse» шарасына қатысушыларға сөйлеген сөзінде әлемнің цифрлық технологияларға негізделген жаңа дәуірге бет алғанын атап көрсетті. Ол «Ел билеушілері ретінде біздің міндетіміз - өз халқымызды, әсіресе жастарымызды осы сөзсіз болашаққа барынша дәл, қауіпсіз, ең күшті және ең жабдықталған жолмен дайындау» деді.

Тіпті картельге айналған әлеуметтік желілердің заңдары мен моральдары да осы салаға даңғыл жол ашу қажеттілігінің нақты көрінісі екенін жеткізген Елбасы: "Қазір цифрлық экономиканың мен цифрлық мәдениеттің ақиқаты өсіп келе жатқандықтан, барлық елдер келісетін, консенсуспен қабылдайтын цифрлық құқықтық тәртіп орнатпай бұл мәселелерді шешу мүмкін емес. Осы цифрлық климатта біздің міндетіміз - өз халқымызды, өз балаларымызды қорғау, тіпті жаһандық оқиғалардың алдынғы шебінде болатындай мүмкіндіктерді жасау» деді.

Түркияның ғарыштағы орнын алу үшін қазір өз жер серігін жасайтын, бағдарламалық жасақтамасын дайындайтын және баллистикалық аспаптарын жобалайтын ел екенін атап көрсеткен президент Ердоған «Түркияның технологияда көзге түсуге мүмкіндігі жоқ» деген сөздердің осы елдің жастарын қорлау болып табылатынын айтты.

Президент Түркияның әлеуетінің өзінің Силикон алқабын құра алатын деңгейінде екенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар