Түркияда вирустан бір тәулікте 138 кісі қайтыс болды

Бір тәулікте 17 мың 426 адамға коронавирус індеті жұққаны анықталды.

1794691
Түркияда вирустан бір тәулікте 138 кісі қайтыс болды

Түркияның коронавируспен (Сovid-19) күресінде соңғы 24 сағатта 138 өлім-жітім тіркелді.

Соңғы 24 сағатта 298 мың 252 адамға сынама жасалды.

Бір тәулікте 17 мың 426 адамға коронавирус індеті жұққаны анықталды.

Соңғы тәулікте сауығып кеткендердің саны 35 мың 568 кісіге жетті.

Ковид-19 эпидемиясымен күрес аясында 1-ші, 2-ші және 3-ші компонентпен жалпы 146 миллион 243 мың 976 вакцина салынды.



Ұқсас жаңалықтар