Бүгін Түркияда медицина мерекесі

Ердоған Анкарадағы Бештепе ұлттық конгресс және мәдениет орталығында Медицина күніне арналған шараға қатысты.

1795232
Бүгін Түркияда медицина мерекесі

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияны жаһандық денсаулық сақтау жүйесінде ең жақсы орынға жеткізуді қалайтындарын айтты.

Ердоған ел астанасы Анкарадағы Бештепе ұлттық конгресс және мәдениет орталығында  14 наурыз Медицина күніне арналған шараға қатысты.

Осы жерде сөйлеген сөзінде президент "19 қалалық ауруханамызбен біз әлеммен бәсекеге түсе аламыз. Бұндай ауруханалар әлі де көп болады. Біз әлем елдерінің өз пациенттерін біздің елге жібергенін қалаймыз, олар осы жерден шипа табады деп үміттенемін. Түркияның әлеуеті мен мүмкіндіктерінің арқасында  қажетті дәрігер кадрларын дайындау үшін әлеуеті жеткілікті және біздің еліміз тартымдылығы артып келе жатқан жаһандық денсаулық орталығы болу жолында» деді.

«Коронавирус індеті кезінде біз дамыған елдердің денсаулық сақтау саласының қаншалықты ескі, қаншалықты жеткіліксіз, қаншалықты әлсіз инфрақұрылымы бар екенін бірге көрдік», - деді Ердоған. Ол Түркияның сол кезеңде ауруханалары, дәрігерлері және басқа да денсаулық сақтау қызметкерлерімен адамдарға ең жақсы қызмет көрсету деңгейінде екенін дәлелдегенін айтты.

Президент Ердоған "Еліміз қазір әлемнің жоғарғы лигасына көтерілді. Қазір біз осы лиганың жоғарғы жағында болу үшін күресіп жатырмыз. Денсаулық сақтау саласы біздің еліміздің мақтаныш ететін маңызды салаларының бірі болып табылады" деді.

 



Ұқсас жаңалықтар