Президент Ердоған Анталияға келген қонақ көшбасшылармен кездесті

Президент Ердоған АДФ-ның екінші күнінде кейбір елдердің басшыларымен бас қосты.

1794422
Президент Ердоған Анталияға келген қонақ көшбасшылармен кездесті
George Manneh Weah-Erdogan.jpg
Julius Maada Bio-Erdogan.jpg
Mohamed Bazoum-Erdogan.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Анталия дипломатия форумы (АДФ) аясында қонақ көшбасшылармен бас қосуды жалғастыруда.

Президент Ердоған АДФ-ның екінші күнінде Босния және Герцеговина Президенттік кеңесі мүшелері Шефик Каферович және Милорад Додикпен кездесті.

Ердоған кейін Болгария премьер-министрі Кирил Петковты қабылдады.

Қабылдауға вице-президент Фуат Октай, Президенттік коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун және Ұлттық барлау ұйымы басшысы Хакан Фиданға қоса Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Өмер Челик де қатысты.

Ердоған Гвинея Президенті Умаро Сиссоко Эмбаломен де кездесті, одан кейін Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі төрағасы Нечирван Барзаниді қабылдап, артынан кезегімен Нигер президенті Мұхамед Базоум, Сьерра-Леоне президенті Юлиус Маада Био және Либерия президенті Джордж Манне Веамен оңаша кездесті.

Кездесулер Ердоған тұрған қонақүйде БАҚ өкілдеріне жабық түрде өтті.



Ұқсас жаңалықтар