Ресей порттарында күткен 18 түрік кемесінің 17-сі жолға шықты

ТР Қатынас және инфрақұрылым министрлігі Теңіз істері бас дирекциясы мәлімдеме жасады.

1793850
Ресей порттарында күткен 18 түрік кемесінің 17-сі жолға шықты

Ресей порттарында Украинамен соғыс басталған 24 ақпан күнінен бері аялдаған Түркияға тиесілі 18 кеменің 17-сі жолға шықты.

Қатынас және инфрақұрылым министрлігі Теңіз істері бас дирекциясының Твиттер аккаунтына қарағанда 24 ақпан күнінен бері Азов теңізіндегі Ресей порттарында күтіп тұрған 18 түрік кемесінің 17-сі жолға шықты, ал біреуі Темрік портында жүгін күтуде.

Мәлімдемеде кейбір кемелердің Керчь бұғазында аялдаған және ауа райы қолайлы болған кезде межелі порттарына аттанатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар