Муглада 21 босқын құтқарылды

Қауіпсіздік күштері үрлемелі қайықтағы заңсыз 21 босқынды құтқарып, құрлыққа шығарды.

1793407
Муглада 21 босқын құтқарылды

Мугланың Датча ауданында Грекия Жағалау қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған 21 босқын құтқарылды.

Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығы жасақтары Датча  ауданы маңында үрлемелі қайықта босқындар бар екені жөнінде ақпар алды. Аймаққа Жағалау қауіпсіздік қайығы жіберілді.

Қауіпсіздік күштері үрлемелі қайықтағы заңсыз 21 босқынды құтқарып, құрлыққа шығарды.

Босқындар тексеруден өткеннен кейін Уәлаят миграция (Көші-қон) басқармасына жолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар