Ердоған Анталия дипломатия форумында баяндама жасады

Президент Ердоған «Украинаның егемендігін жоқ деп есептейтін заңсыз қадамдарды мақұлдамаймыз» деді.

1794090
Ердоған Анталия дипломатия форумында баяндама жасады

Ердоған Анталия дипломатия форумында баяндама жасады.

Түркияның әрі Жерорта теңізі, әрі Қаратеңіз елі екенін атап көрсеткен Президент «Украина мен Ресей біздің Қаратеңіздегі көршіміз және досымыз. Көршілеріміз арасындағы дағдарыстың қызу қақтығысқа айналғанына өкінеміз. Шиеленістің арта отырып осы кезеңге дейін күшеюі бәрінен де бізді алаңдатуда. Көрші елдің егемендігіне жасалған басқыншы әрекеттерді ешқашан ақтай алмаймыз» деді.

«Байсалдылық пен парасаттылық жеңіп, қарулар тезірек тоқтасын деп тілейміз» деген Ердоған «Аймағымызда бейбітшілік орнауы үшін (шиеленістің аяқталуы) үшін (1936ж.) Бұғаздардың мәртебесі туралы Монтре конвенциясымен елімізге берілген өкілеттіктерді пайдалануға қоса алғанда, барлық күш-жігерімізді жалғастырамыз.

Қырымның заңсыз аннексиясынан бастап, Украинаның шекара тұтастығын ескермейтін заңсыз қадамдарды Түркияның қабылдамайтынын атап көрсеткен Ердоған «Қырыммен байланысты нақты ұстанымымызды (заңсыз аннексияланған кезде) 2014 жылдан бері әр жағдайда білдірдім. әр ортада ашық түрде тілге тиек еттім» деді.

Президент «Әрі Ресей Федерациясы, әрі украиналық достарымызбен барлық кездесулерімізде бұл мәселені үнемі күн тәртібіне әкелдік. 2014 жылы Қырымға басып кірген кезде бүкіл батыстық елдер, бүкіл әлем дауысын лайықты түрде көтергенде, бүгінгі жағдаймен бетпе-бет қалар ма едік?

Бірақ Қырымды басып алуға үнсіз қалғандар қазір бірдеңе айтып жатыр. Жарайды, дүниенің кейбір жерінде әділет жарамды, кейбір жерінде жарамсыз ба? Бұл қандай дүние?

Міне, өкінішке орай, халықаралық қауымдастық бұл әділетсіздікті жою үшін қажетті сезімталдық танытып, қажетті қолдауды көрсетпеді. Украина өзінің әділдігінде жалғыз қалды. Ал бүгінгі күні ерік-жігер танытқанда, дипломатиялық жолмен шешілетін мәселелердің күрделенгенін көріп отырмыз. Үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған бейбіт тұрғындарды, қорқыныш пен үрейге толы балаларды, қираған қалалар мен жазықсыз адамдардың өліп жатқанын көргенде, біздің қайғымыз еселене түседі» деді.

Режеп Тайып Ердоған өз сөзінде әлемдегі тұрақсыздық пен қақтығыстардың салдарынан миллиондаған адамның үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғанын да тілге тиек етіп «Ашаршылық бүкіл әлемде жыл сайын жаңа типтегі коронавирусқа қарағанда одан көп адамның өмірін қияды. Әлемде әрбір 10 секунд сайын бір бала жалғыз бір жұтым нан мен су таба алмағаны үшін өледі. Тұрақсыздық пен қақтығыстар кесірінен миллиондаған адам үйлері мен елдерін тастап кетуге мәжбүр болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар