Хаккариде "Эрен қыс-30" операциясы басталды

Ішкі істер министрлігі операция туралы мәлімдеме жасады.

1792218
Хаккариде "Эрен қыс-30" операциясы басталды

Хаккариде 571 әскери қызметкердің қатысуымен «Эрен қыс-30 шейіт жандармерия сержанты Мехмет Санжар» операциясы басталды. 

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеде «Эрен қыс-30» (Хаккари-Каваклы) шейіт жандармерия сержанты Мехмет Санжар операциясының сепаратист террор ұйымы PKK-ны елдің күн тәртібінен шығару және аймақта паналаған террористерді залалсыздандыру мақсатында жүргізілгені атап көрсетілді. 

Хаккари Қалалық Жандармерия қолбасшылығы басқарған операцияда 571 жандармерия арнайы десанты және қауіпсіздік қызметкерлерінен тұратын 41 операциялық топтың міндет атқарғаны білдірілді. 

Мәлімдемеде «Елімізде террорды түбегейлі жою мақсатында жүргізіліп жатқан «Эрен қыс» операциялары халқымыздың да қолдауымен, адал және табанды түрде сәттілікпен жалғасуда» делінді. 



Ұқсас жаңалықтар