Калын АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасарымен бас қосты

Кездесуде Украинадағы соғыстан бастап, аймақтық және өзара қарым-қатынастар талқыланды.

1790351
Калын АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасарымен бас қосты

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Венди Шерманмен бас қосты.

Президенттік аппараттың мәлімдемесіне қарағанда Стамбулда Президенттік Долмабахче кеңсесінде өткен кездесуде, Украинадағы соғыстан бастап, аймақтық тақырыптар және өзара қарым-қатынастар талқыланды.

Украинадағы соғыстың жаңа гуманитарлық дағдарыстарды тудырғанына назар аударылып, бұл мәселеге қатысты терең алаңдаушылық пен қайғы тілге тиек етілді.

Ұзаққа созылған жағдайда соғыстың әсерінің барлық аймақ пен әлем үшін жойқын болатыны атап көрсетілді.

Соғыстың одан көп зиян тигізбей тұрғанда аяқталуы керектігі айтылды.

Тараптар арасындағы келіссөздердің нәтижелі болуы үшін бірлескен күш-жігерді арттыру тақырыбында келісілді.

Түркияның тараптармен тұрақты байланыста екені және келіссөздерге қонақжайлық жасауға дайын екені атап көрсетілді.

Кездесуде Сирия, Ливия және Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, Түркия-Израиль қарым-қатынастары және Түркия-Армения арасында қалыпқа келу үдерісі талқыланды.

АҚШ-пен екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы талқыланған кездесуде бірлескен стратегиялық механизмді жүзеге асыру үшін басылатын қадамдар тақырыбында келісім жасалды.



Ұқсас жаңалықтар