Түркияда вирустан бір тәулікте 189 кісі қайтыс болды

Бір тәулікте 56 мың 780 адамға коронавирус індеті жұққаны анықталды.

1788728
Түркияда вирустан бір тәулікте 189 кісі қайтыс болды

Түркияның коронавируспен күресінде соңғы 24 сағатта 189 өлім-жітім тіркелді.

Соңғы 24 сағатта 407 мың 536 адамға сынама жасалды.

Бір тәулікте 56 мың 780 адамға коронавирус індеті жұққаны анықталды.

Соңғы тәулікте сауығып кеткендердің саны 68 мың 268 кісіге жетті.

Ковид-19 эпидемиясымен күрес аясында 1-ші, 2-ші және 3-ші компонентпен жалпы 145 миллион 805 мың 565 вакцина салынды.



Ұқсас жаңалықтар