Украинадағы түрік азаматтар Бухарестке жетті

Румынияда уақытша тұрған азаматтардың Бухарест Отопени әуежайы арқылы Түрік Әуе Жолдары ұшақтарымен 6 рейспен эвакуацияланатыны хабарланды.

1788536
Украинадағы түрік азаматтар Бухарестке жетті

Сыртқы істер министрлігінің Украинаның әуе алаңдары жабық болғандықтан автожолмен эвакуациялау жоспары аясында алдыңғы күні жолға шыққан автобустармен 2 мың түрік азаматы Румыния  астанасы Бухарестке жеткізілді.

Түркияның Румыниядағы өкілетті елшілігі мен елде тұратын іскерлердің қолдауымен уақытша паналау орталығына айналдырылған Бухарест Romexpo көрме орталығында азаматтарға тамақ пен қажетті материалдары таратылды.

Орталыққа барған Түркияның Румыниядағы өкілетті елшісі Фүсун Арамаз 2 мың азаматтың уақытша күтілетінін, Киевтен пойызбен келген азаматтардың Түркиядан келген автобустармен Румыния шекарасына тасылғанын айтты.

Елші Сирет қақпасынан өткен азаматтарға Румыния ұйымдарының мүмкіндіктер жаратқанын Бухарестке аман-есен жеткендерін білдірді.

Румынияда уақытша тұрған азаматтардың Бухарест Отопени әуежайы арқылы Түрік Әуе Жолдары ұшақтарымен 6 рейспен эвакуацияланатыны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар