Одессада түрік кемесіне бомба түсті

Маршалл аралдарының туын асқан Түркияға тиесілі «Яса Юпитер»  атты жүк кемесіне бомба түскені хабарланды.

1784782
Одессада түрік кемесіне бомба түсті

Украинаның Одесса қаласының маңындағы су айдынында иесі түрік болған бір кемеге бомба түсті.

Жан шығыны жоқ екені білдірілді.

Көлік және инфрақұрылым министрлігінің Теңіз істері Басқармасынан жасалған мәлімдемеде Негізгі Іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіру орталығына келген хабарға қарағанда Маршалл аралдарының туын асқан Түркияға тиесілі «Яса Юпитер»  атты жүк кемесіне бомба түскені хабарланды.

Кеменің жәрдем сұрамағаны, Румыния су айдынына кіргені  және қауіпсіз екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар