Президент Ердоғанның Африка туры басталды

Президент Ердоған Африка турының алғашқы аялдамасы Конго Демократиялық Республикасының бас қала Киншасаға аттанды.

1781621
Президент Ердоғанның Африка туры басталды

Президент Режеп Тайып Ердоған 20-23 ақпан күндері Африкадағы үш елді қамтитын ресми сапарының алғашқы аялдамасы Конго Демократиялық Республикасына (КДР) аттанды.

Президент Ердоған Стамбул Ататүрік әуежайынан КДР-ның бас қала Киншасаға аттанды.

Президент Ердоғанның делегациясында Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Сауда министрі Мехмет Муш, Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Караисмаилоғлу, Жастар мен спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу, Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун, Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын мен Президенттік Қорғаныс өнеркәсібі басшысы Исмаил Демир орын алады.

Президент Ердоған КДР-дегі байланыстарының артынан Сенегал мен Гвинея-Бисауға барады.

Сапарлары аясында өтетін ресми кездесулерде өзара қарым-қатынастар жан-жақты талқыланып, Түркия мен бұл елдер арасындағы ынтымақтастықты әр салада дамыту мүмкіндіктеріне баса назар аударылады.

Президент Ердоған Дакар сапары аясында бір түрік компаниясы салған 50 мың орындықты Дакар Олимпиада стадионының ашылу салтанатына Сенегал президенті Макки Салл және шақырылған басқа елдердің мемлекет басшыларымен қатысады.

Ердоғанның бұл аяда қатысушы елдердің басшыларымен өзара бас қосуы жоспарлануда. Сондай-ақ президент Ердоған Дакар елшілігінің жаңа ғимаратының ашылуы салтанатына да қатысады.

Ердоғанның Гвинея-Бисауға сапары Түркияның осы елге президенттік деңгейіндегі алғашқы ресми сапары болмақ.



Ұқсас жаңалықтар