Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады

Ердоған: "Бүгін ең ірі 10 экономиканың бірі болу жолындамыз. Бүгін саяси, әскери, дипломатиялық және экономикалық жақтан аймақта сөзі өтетін бір Түркия бар" деді.

1779996
Ердоған Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Түркияның дамуына, өсуіне есе қосатын елдермен жақын байланысымызды арттырамыз" деді.

Президент Ердоған астана Анкарада ұйымдастырылған Президенттік сарай Кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

Президент екі күндік Біріккен Араб Әмірліктері сапарына байланысты:

"Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктері қарым-қатынастарын тың сатыға көтерген сапардан өнімді нәтиже шығатынына сенемін. Алдағы кезеңде Шығанақ аймағын қамтыған Түркияның дамуына, өсуіне есе қосатын елдермен жақын байланысымызды арттырамыз" деді.

Президент Түркияның аймағында абыройлы бір елге айналғанын айтып:

"Бүгін ең ірі 10 экономиканың бірі болу жолындамыз. Бүгін саяси, әскери, дипломатиялық және экономикалық жақтан аймақта сөзі өтетін бір Түркия бар" деп көрсетті.

Түркияның электр өндірісінің 4 есе артқанын айтқан Ердоған электр өндіретін станция саны 1808-ге көбейгенін білдірді.

Жаңа типті коронавирус індетінің Омикрон штамының Түркиядағы саны артқанына қарамай, ауруханаға жатқан адамдар саны көбеймегенін айтқан Ердоған:

"Вакцина салғызбаған немесе олқы салғызған азаматтарымызға қысқа уақытта TURKOVAC ұлттық вакцинамызды салғызуды ұсыныс етемін" деді.



Ұқсас жаңалықтар