Игілік пойызының үшіншісі дайындалып жатыр

Анкарадан жолға шыққан екінші пойыз да межесіне жұма күні барып жетеді.

1779577
Игілік пойызының үшіншісі дайындалып жатыр

Адамға көңіл бөлетін қауымдастықтар федерациясы Ауғанстанға қарай жолға шығатын «Үшінші Игілік пойызына» көмек материалдарын жеткізді.

Федерацияның хабарламасында Ауғанстандағы мұқтаж азаматтар үшін басталған жедел көмек акциясы арқылы осы елге барлығы 93 тонна көмек материалы жеткізілгені айтылды.

Жақсылыққа жаны құштар жандар дайындаған азық-түлік пакеті, қысқы киім және гигиеналық жабдықтардан тұратын көмек материалдары Ауғанстанға жеткен болатын.  Анкарадан жолға шыққан екінші пойыз да межесіне жұма күні барып жетеді.  

Ауған азаматтарға жеткізілетін азық-түлік, киім, төсек, медициналық өнімдерден тұратын 45 контейнерлік екінші пойызға аталмыш федерация өз үлесін қосқан.

«Аштық және кедейлік жоғары деңгейде.  Ауғанстандағы лауазым иелерімен кездескеннен кейін мектеп пен мешіттерді жөндеу, су құдығы ашу және көпір салу секілді жобалар үшін қадам бастық» деп айтылды хабарламада.



Ұқсас жаңалықтар