Ердоған Дүниежүзілік Радио күнімен құттықтады

Президент Ердоған: "Радио саласы мен радио қызметкерлерін "13 ақпан Дүниежүзілік Радио күніне" орай құттықтаймын" деді.

1777805
Ердоған Дүниежүзілік Радио күнімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған радио саласы мен радио қызметкерлерін Дүниежүзілік Радио күнімен құттықтады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Твиттер желісінде бөліскен мәлімдемесінде:

"Әр күні әрбір сағатта, өмірдің барлық саласында, еліміздің түкпір-түкпірінде миллиондаған адамға қызмет көрсеткен радио саласы мен радио қызметкерлерін "13 ақпан  Дүниежүзілік Радио күніне" орай құттықтаймын" деді.

Президент Ердоған Стамбулдағы Чамлыжа мұнарасында жарияланған бір көріністі де бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар