Ватиканнан Түркияға жаңа елші

Сольчинскийдің Папа тарапынан Түркияға елші ретінде тағайындалғаны білдірілді.

1772679
Ватиканнан Түркияға жаңа елші

Католиктердің рухани лидері және Ватикан басшысы Папа Франциск польшалық прелат Марек Сольчинскийді Ватиканның Түркиядағы өкілетті елшісі ретінде тағайындады.

Бұл туралы Ватиканның хабарламасында соңғы бес жылдан бері Танзанияда елші қызметін атқарған Сольчинскийдің Папа тарапынан Түркияға елші ретінде тағайындалғаны білдірілді.

Сольчинский (60) 2011-2017 жылдар аралығында Әзербайжан мен Арменияда аккредиттелген Ватиканның Грузиядағы өкілетті елшісі міндетін атқарған болатын.



Ұқсас жаңалықтар