Ердоған "Түрік тілін қорғауымыз керек" деді
Президент Режеп Тайып Ердоған "Түрік тілін қорғау, дамыту және байыту үшін жүргізген күресіміз әслінде бір ұлттық күрес болып табылады" деді.
Президент Режеп Тайып Ердоған Президенттік сарайының конференция салында Юнус Эмре жылдығына орай ұйымдастырылған бейне көрініс және ұғым түсінік медиасында түрік тілін дұрыс қолданылуы жүлде рәсіміне қатысты.
Ердоған бұл жердегі баяндамасында әрбір тілдің өзі эстетикамен безендірілген бір өлең екенін айтып "Күдіксіз өз тіліміз түрік тілінің сұлулығы ерекше. Өйткені түрік тілі біздің ана тіліміз. Атамыздың мұрасы, болашағымыздың кепілі. Түрік тілінің әрбір сөзі біз үшін өте құнды інжу-маржандай, қымбатты асыл тастай" деп көрсетті.
"Тілін қорғай алмаған бір ұлт ең аяғында барлық құндылықтарын жоғалтып алады. Түрік тілін қорғамай ұлтымыздың болашағына сеніммен қарай алмаймыз" деді.
Ердоған "Түрік тілін қорғау, дамыту және байыту үшін жүргізген күресіміз әслінде бір ұлттық күрес болып табылады" деді.
Президент Ердоған осы таңда Атлант мұхитынан Ұлы Қытай қорғанына дейін созылған кең байтақ географияда ең көп қолданылған тілдің түрік тілі екенін де айтты.