Чавушоғлу Шри-Ланкада бірқатар кездесу өткізді

Чавушоғлу Түркияның Азия елдерімен қарым-қатынасты күшейтуді көздегенін айтты.

1769827
Чавушоғлу Шри-Ланкада бірқатар кездесу өткізді
Cavusoglu-Gamini Lakshman Peiris.jpg
cavusoglu sri lanka.jpg

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Түркияның Азия елдерімен қарым-қатынасты күшейтуді көздегенін айтты. 

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ресми сапармен Шри-Ланкаға барды. Сапар барасында Шри-Ланка  Сыртқы істер министрі Гамини Лакчман Пейриспен кездесті. Чавушоғлу  ортақ баспасөз жиналысында мәлімдеме жасады. 

Пейриспен алғашқы кездесуін Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында өткізгендерін түсіндірген Чавушоғлу енді тағы кездесіп, көптеген тақырыптарды қолға алғандарын айтты. 

Чавушоғлу Шри-Ланка президенті Готабая Раджапакса тарапынан да қабылданғанын білдіріп, президент Режеп Тайып Ердоғанның сәлемін және Түркияға шақыруын президент Раджапаксаға  жеткізгенін атап өтті. 

Чавушоғлу Түркияның 2019 "Қайтадан Азия" бастамасын еске салып, "Азия елдерімен қарым-қатынасты күшейтуді көздеудеміз. Осы тұрғыдан алғанда Шри-Ланка Үнді мұхитының ең керемет елі және өте маңызды одақтасымыз" деді. 

Екі ел арасында сауда, медицина, дәрі-дәрмек өнеркәсібі, құрылыс және туризм салаларындағы ынтымақтастықты күшейтетіндерін баяндаған Чавушоғлу Түрік әуе жолдарының Шри-Ланкаға аптасына 11 болған рейс санын қыркүйектен бастап, 14-ке шығаратындарын айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар