"Түркия әлемге үлгі болды"

Алтун Анкарада «Босқындар және медиа» жиналысына қатысты.

1768710
"Түркия әлемге үлгі болды"

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы басшысы Фахреттин Алтун Түркияның босқын саясаты арқылы әлемге үлгі болғанын айтты.  Алтун Анкарада Халықаралық Медиа информация қоғамы тарапынан ұйымдастырылған «Босқындар және медиа» жиналысына қатысты.

Алтун жаһандану сөйлемі мен либералдану шыңына жеткен бір кезеңді артқа тастаған кезде батыс әлемінің мемлекеттік дағдарысқа ұшырағанын, бір жағынан  әлеуметтік тоқыраумен арпалысқанын айтты. Ол «Қазір батыс әлемі өкінішке орай, нәсілшілдік артқан, шетелдіктерге қарсы дұшпандық көбейген, әлеуметтік жікшілдік асқынған территория болды» деді.

Проблемалардың ұлттық деңгейден асып, халықаралық деңгейге шыққанын айтқан Алтун: «Осы кезеңде Түркия тұрақтандыратын бір күш ретінде әрі өз қауіпсіздігі және тұрақтылығы, әрі аймақ елдерінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін күресті. Өте табысты жетістіктерге жетті. Түркия босқын саясаты арқылы әлемге үлгі болды» деді.

Фахреттин Алтун Түркияның бір жағынан соғыстан, терроризмнен, қырғындардан қашқандарға құшақ жайғанын, бір жағынан ел-жұртынан көшкен адамдарға сенімді және ерікті кері оралу мүмкіндігі жарату үшін бар күшімен жұмыстанғанын атап көрсетті.

Ол бүгінгі күні Германияның 530 мың, Швецияның 130 мың сириялық босқынға мекен болғанын, бұдан басқа ешбір батыс елінде 50 мыңнан астам сириялық  босқын жоқ екеніне назар аударды. Ол Түркияның Германиядағы босқын санына 8 есе босқынға мекен болғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар