Украина Түркияның бітімгерлік ұсынысын қабылдады

Украинаның Түркиядағы елшісі Василий Боднар мәлімдеме жасады.

1767524
Украина Түркияның бітімгерлік ұсынысын қабылдады

Украинаның Түркиядағы елшісі Василий Боднар Түркияның Ресей мен Украина басшыларын шақырып, бітімгерлік жасау ұсынысын ризашылықпен құптағандарын білдірді. 

Боднар Анкара дағдарыс және саясат зерттеулері орталығында өткен конференцияда айтқан сөзінде Украина мен Түркияның аймақтағы тұрақтылық пен тыныштықты қамтамасыз еткісі келгенін, осыған жету үшін бірге жұмыс істеп жатқанын айтты. 

Украинаның 2008 жылы НАТО-ға қабылданбауын үлкен қателік екенін атап көрсеткен Боднар «Ресей Украинаны соғыспен қорқытқан бұл кезеңде Украинаның НАТО-ға мүше болып қабылдануы, Ресейді тоқтата алатын ең күшті элементтердің бірі болмақ» деді.

НАТО-ға мүше болған жағдайда Украинаға әскер жіберуге мәжбүр қалатыны жөніндегі көзқарастарының қате екеніне назар аударған Боднар «Украина өзін қорғауға дайын, бірақ әрі НАТО-дан, әрі Еуропа елдерінен бұл түсіністікті күтеді. Орыстың шабуылдаушы ұстанымы тек Украинамен шектелмей, уақыт өте келе басқа елдерге де тарауы мүмкін. Бүгін Украинадағы майдан желісі негізінде тек Украинаны ғана емес, бүкіл Еуропаны соғыстан қорғап отыр» деді. 

Киев пен Мәскеу арасындағы қақтығыстардың 8 жылдан бері жалғасып келе жатқанын еске салған елші дағдарысты бейбіт жолмен шешу үшін бар күш-жігерін салғандарын жеткізді.

Боднар Президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресей мен Украина арасындағы бітімге араша болу ұсынысына сілтеме жасап «Түркияның бітімгерлік ұсынысын ризашылықпен қарсы алғанымызды айтқым келеді. Әсіресе бұл аяда президентіңіздің әрі Президентімізді (Владимир Зеленскийді), әрі  Путинді Түркияға шақыру туралы ұсынысы мен сондай-ақ бұл мәселеде делдалдық рөлін атқаруға дайын екенін де құптадық. Мәскеу де мұны оң бағалап, Президентіңіздің ұсынысын қабылдайды деп сенеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар