Түркия БАӘ мен Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды айыптады

Түркия БАӘ мен Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды айыптады.

1767395
Түркия БАӘ мен Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарды айыптады

ТР Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда «24 қаңтар күні  Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) мен Сауд Арабиясындағы азаматтық нысандарға баллистикалық зымырандар және пилотсыз әуе көлігімен жасалған террор шабуылдарын айыптаймыз. Халықаралық заңдарды ашық түрде бұзу деп есептелетін мұндай шабуылдарды дереу тоқтатуды талап етеміз» делінді.

Сауд Арабиясы Джазан аймағына баллистикалық зымыранмен жасалған және екі адам жараланған шабуылды Йемендегі хоуситтердің жасағанын жариялаған болатын.

БАӘ болса хоуситтер жіберген екі баллистикалық зымыранның әуе қорғаныс жүйесі арқылы залалсыздандырылғанын, зымыран қалдықтарының бас қала Абу-Даби төңірегінде әртүрлі аймақтарға құлағанын, бірақ адам шығыны болмағанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар