Чавушоғлу ОКПӘ-не наразылық көрсетті

Чавушоғлу PYD-ге кеңсе ашуға рұқсат берген Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігіне наразылық көрсетті.

1765879
Чавушоғлу ОКПӘ-не наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігінің (ОКПӘ) террор ұйымы PKK-ның Сириядағы саяси қолы PYD-ге кеңсе ашуға рұқсат беруімен байланысты «Түркия немесе Солтүстік Кипр Түрік Республикасына (СКТР) шабуыл жасалған жағдайда осыған қатаң жауап қайтарамыз. Отпен ойнамасын!» деді.

Чавушоғлу Эстония Сыртқы істер министрі Ева-Мария Лиимецпен бас қала Анкарада ортақ баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

Понти тарапының террор ұйымы PKK/PYD-ге кеңсе ашуға рұқсат беруі туралы қойылған бір сұраққа Чавушоғлу террор ұйымдарын пайдаланатын елдер бар екенін, бұл ұйымдардың әсіресе прокси-соғыста қолданылғанын, Сириядағы ДАИШ-пен күресте террормен күрес деген сылтаумен лаңкестік ұйымдарға қолдау бергенін атап көрсетті.

Чавушоғлу «Понтилердің де террор ұйымдарына, PKK-ға бүгінге дейін берген қолдауын жақсы білетінбіз. Бұл құпия нәрсе емес. Бірақ мынаны айтқым келеді. Осы жерден кеңсе ашуға рұқсат береді, егер ертең Түркияға немесе Солтүстік Кипр Түрік Республикасына, Кипрдағы түрік бауырларымызға қарсы кез-келген бір шабуыл жасалған жағдайда, осыған қатаң жауап қайтарамыз. Сондықтан отпен ойнамаңыз! Террористік ұйымдармен ынтымақтастық жасамаңыз» деді.

Мевлүт Чавушоғлу Жерорта теңізінің шығысындағы құбыр желісі (EastMed) жобасымен байланысты Түркияны қамтымайтын бұл жобаның экономикалық тұрғыдан жүзеге асырылуының мүмкін емес екенін ең басынан айтып келгендерін білдірді. Сыртқы істер министрі сондай-ақ Кипр Понти тарапының жаңа Сыртқы істер министрінің бұл жобаның экономикалық емес екенін, Кипрде әділ бөлісу тақырыбында немесе аралда шешім тұрғысынан да кері әсер ететіні жөніндегі сөздерінің маңызды болғанын білдірді.

Чавушоғлу Түркияның бұл аймақтағы энергия көздерінің халықаралық нарықтарға, әсіресе Еуропа нарықтарына жетуі үшін ең үнемді жол екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар