Мармаристе 25 босқын құтқарылды

Босқындар сөздерінде Грекия әскерлерінің қайықтарының моторын бұзып, түрік су айдынына жолдағанын айтты.

1764340
Мармаристе 25 босқын құтқарылды

Мугланың Мармарис ауданы су айдынында Грекия жағалау күштері тарапынан Түркия су айдынына қайтарылған әйелдер мен балаларды қамтыған 25 тұрақсыз босқын құтқарылды.

Ташлыжа таулы аймақтағындағы Серче кемежайы су айдынында бақылауға шыққан Оңтүстік Эгей Жағалау қауіпсіздігі Мармарис қолбасшылығы топтары теңізде резинка қайықпен жүрген босқындар болғаны хабарын алды.

Грекия шекарасының 150 метр жақынында қайыққа жеткен қызметкерлер 25 тұрақсыз босқынды құтқарып,  Жағалау Қауіпсіздік Мармарис қолбасшылығына әкелді.

Сирия мен Бирма текті әйелдер мен балаларды қамтыған 25 тұрақсыз босқын тексеруден кейін Мугла уәлаяты Көші-қон басқармасына тапсырылды.

Босқындар сөздерінде Грекия әскерлерінің қайықтарының моторын бұзып, түрік су айдынына жолдағанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар