Түркия мен Албания арасындағы достық нығайды

Ердоған Лач қаласында жер селкінісінен кейін үйінен айырылған отбасыларға арнап Түркия салған үйлерді тапсыру рәсіміне қатысты.

1763919
Түркия мен Албания арасындағы достық нығайды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Албания арасындағы достықты нығайтқандарын айтты.

Албания премьер-министрі Эди Раманың шақыруымен ресми кездесулер жүргізу үшін Албанияның астанасы Тиранаға барған президент Ердоған Лач қаласында жер селкінісінен кейін үйінен айырылған отбасыларға арнап Түркия салған үйлерді тапсыру рәсіміне қатысты.

Осындағы  сөзінде Ердоған жер сілкінісі хабарын алған бойда аймақ халқының жараларын емдеу үшін дереу әрекетке көшкендерін және барлық қажетті медициналық құралдарды Албанияға жеткізгендерін еске салды. Ол Албаниямен үнемі байланыста екенін, премьер-министр Рамамен бірге жүргізілген жұмыстарды мұқият қадағалап отырғандарын айтты.

Ердоған халықаралық қауымдастықтың, әсіресе Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Албанияға көмек көрсетуі  үшін жеке бастама көтергендерін айтып, «Түркияның жер сілкінісінен кейін аймаққа көмектесуге асығатын бірінші ел болуы арамыздағы берік ынтымақтың ең үлкен дәлелі» деді.

TOKİ (Жаппай тұрғын үй басқармасы) салған, барлығы 522 үйден тұратын және шамамен 42 миллион еуроға түскен үйлерді тапсырғандарын білдірді.  Президент:  "Біз Түркия мен Албания арасындағы достықты жер сілкінісі үйлерінің ашылуымен нығайтып отырмыз. Зілзаладан қаза тапқан бауырларымызға Алладан рақым, туыстарына сабыр тілеймін. Тұрғын үйлері арқылы осы жерде 522 отбасының болуын қамтамасыз етеміз.

Сәуір айында 68 күнде аяқталған облыстық аурухана да осынау әсем ынтымақтың бір үлгісі», – деді.



Ұқсас жаңалықтар