Батманда «Эрен қыс-15» операциясы басталды

ТР Ішкі істер министрлігі операция туралы мәлімдеме жасады.

1763934
Батманда «Эрен қыс-15» операциясы басталды

Батманда қатардағы шейіт жандармерия Фатих Текдоғанның атымен аталатын «Эрен қыс-15» операциясы басталды.

ТР Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда «Іздеу-анықтау-жою» тактикасымен қысқы дайындықтар алдында террористерді залалсыздандыру мақсатты аймақтың тыныштығын қамтамасыз ету үшін басталған операцияға Диярбакыр Жандармерия аймақтық қолбасшылығының координациясында 1 мың 440 қызметкердің қатысқаны білдірілді.

Елдегі лаңкестікті түбегейлі жою мақсатты жүргізілген «Эрен қыс» операцияларының халықтың қолдауымен, адал және табанды түрде сәтті жалғасатыны атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар