Түркияның қорғаныс өнеркәсібі дамуда

Президент Режеп Тайып Түркияның қорғаныс өнеркәсібінің дамығанын айтты.

1762838
Түркияның қорғаныс өнеркәсібі дамуда

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның қорғаныс өнеркәсібінде жоғарғы деңгейге жеткенін және жаман ниетті ойындарды бұзатын бір елге айналғанын білдірді. 

Стамбұл кеме өңдеу зауытында жасалған TCG UFUK барлау кемесінің іске қосылуы рәсіміне қатысқан Ердоған бұл жерде сөз сөйледі. 

"Қорғаныс өнеркәсібіміздің маңызды жобалары тақырыбында үлкен табыстарға қол жеткізіп, 2022 жылына сүйіншілермен кірдік" деген Ердоған сөзін былай жалғастырды. 

"Түркия қорғаныс өнеркәсібінде жоғарғы деңгейге жетті. Аймақта арамза пиғылдағы ойындарды бұза алатын ел қатарына қосылды. Салған инвестицияларымызбен аймақта сөз иесі елге айналдық. Назарымыз ғарышта. Ғарыш саласында жер серігі жүйелерін дамытуы жайлы жұмыстарымыз жалғасуда". 

 



Ұқсас жаңалықтар